БҚО-да бірнеше ауыл қар құрсауында қалды

Соңғы күндері жауған қар мен үдеген бораннан жолдар тазаланып үлгермей жатыр. Әсіресе, Тасқала ауданының Атамекен, Мереке, Оян, Шежін, Ақтау, Амангелді ауылдарында жағдай қиын. 1Дүкендерде азық-түлік таусылып жатыр1, - дейді тұрғындар. Ал аудан әкімдігі кеше боран сәл басылғанда ауылдарға жол ашылғанын айтуда. Алайда, бүгін жел қайта күшейіп, күн райы суытты.  Өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Back to Top