Қар басқан далада шұрқырап келе жатқан он мың жылқы

Қар басқан далада шұрқырап келе жатқан он мың жылқы. Видео бір апта бұрын Қытайдың Шыңжаң аймағы, Чжаосу уезінде түсірілген. Бұл Қытайдың қысқы туристік бағдарламалары аясында жасалған шара. Саяхатшылар үйір-үйір жылқыны көруге қызығушылық танытады. Ужаосу уезі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан. Қытай халқы бұл жерді «Көктен түскен жылқылар мекені» деп атайды. Шыңжаңда бірнеше миллион ұйғыр, қазақ, қырғыз және тағы өзге де саны аз ұлттар тұрады. Пекин Шыңжаңда жүргізіп отырған саясаты үшін халықаралық сынға ұшырады. Аймақтағы этникалық азшылыққа қысым жасалып, діні мұсылман түркі халықтарын (ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзгелері) кемсітіп, көпшілігін «қайта тәрбиелеу лагерлеріне» қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылдан бастап тарай бастады. Ресми Пекин мұны экстремизм мен терроризмге қарсы шара деп түсіндіреді.
Back to Top