GGG америкалық тележүргізушіні әзіл ретінде спаррингке шақырды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) америкалық тележүргізуші әрі актер Марио Лопесті әзіл ретінде спаррингке шақырды, - деп хабарлайды . Бұл туралы Марио Лопестің өзі Twitter желісіндегі парақшасында жазып, Головкиннің видеоүндеуін жариялады. “Марио, қайдасың? Маған спарринг керек. Сен маған керексің, кел“, - деген Головкин видеода. “GGG менің келесі аптада Big Bear-ға келгенімді күтіп отыр“, - деп жазған видеоға Лопес. Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. Толығырақ: Материалды қалай болсын қолдану тек қана сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Back to Top