Қазақстанда жемқордлықпен күрестің жаңа форматы енгізіледі

Қазақстанда “Жемқорлыққа қарсы майдан“ атты жаңа жобаны жарияланады. Ол азаматтық қоғамның күшін бір жерге тоғыстыруға бағытталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов өзінің бейне үндеуінде хабарлады. Қоғам өкілі жемқорлықпен күресті арнайы “омбудсмендер“, “өзгерістер елшілері“ және “комиссарлар“-дың белсенді қызметі арқылы жүзеге асырмақшы. Омбудсмендер рөлінде танымал тұлғалар. Олардың негізгі бағыты жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу. «Қоғамға осындай түсінік әкеле отырып, біз омбудсмендер арқылы жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңаша өзгерістерін енгізгіміз келеді. Олардың жұмыстары жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген», - делінген хабарламада. Төлеген Байғұлов жемқорлықпен күресте “өзгерістер елшілерінің“ рөлін де атап өтті. «Өзгерістер елшілерін жұмысқа енгізу қоғам мен мемлекеттік аппараттың әрекеттесуін түбегейлі өзгертуі тиіс. Олардың қызметіне мемлекеттік органдардың ең әлсіз тұстарын және жемқорлық қаупі бар жерлерін анықтау кіреді», - д
Back to Top