Алматыда 89 жастағы соғыс ардагерін киім-кешек үшін соққыға жыққан

Алматыда ҰОС ардагері Николай Хохловты белгісіз біреу соққыға жығып, киімдер салынған пакетін тартып алып кеткен. Бұл туралы ардагердің немересі Евгения Зуева әлеуметтік желі арқылы хабарлап отыр. Оқиға көшеде орналастырылған бейнекамералардың бірінде жазбаға түскен. Бейнежазбадан белгісіз жас жігіт қарияны тоқтатып, қолындағы пакетін ақтарып оны алып алмақ болады. Осы сәтте қарсылық танытқан Хохловты жас жігіттің ұрғаны көрініп тұр. “Әкем киімдерді шеберханаға апармақ болып үйден шығып кеткен. Қолындағы пакетте құнды ештеме жоқ, бар болғаны аяқ киім ғана. Бейнежазбада әкемді жолда ер кісі әкемді тоқтатып, тілдеседі де кейін қолындағы пакетті тартып алып жатқаны көрінеді“, - деді
Back to Top