Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Бір отбасында» атты көрмесі

??Зұлқарнай ЕРМҰАРТҰЛЫ: Облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Бір отбасында» деген атаумен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әр ұлт өкілдерінің суреттері қойылған. Ол жерден 40-қа жуық қылқалам шеберлерінің шығармаларын көруге болады.Бұл жерде қырыққа жуық картина бар. Тақырыбы да сан түрлі. Көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – Қазақстан халықтарының бірлігін көрсету. Сонымен қатар, ассамблеяның 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтуге ат салысу. Көрмеген суретшілердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітаптар инсталляциясы да қойылған. Көрмеге келген келушілер бұл жерде ұсынылған кітаптарды отырып оқуына да болады. Көрме науырыз айының 1-ші жұлдыздызына дейін жұмыс жасайды. Өнер әлеміне терең бойлап, рухани азық алғыңыз келсе, көркемсурет музейіне асығыңыз! #Қазақстанхалықтарыассамблеясы
Back to Top