Асылып қалған келіншектің анасы тергеудің әділ жүргізілетініне сенбей отыр

Алматы облысында бүтін бір әулет қызымызды суицидке итермеледі деп, полицей күйеу баласы мен оның отбасын айыптады. Айтуларынша, Гүлмайса Жақыбаеваны күйеуі мен ата-енесі қорқытып, 13 миллион теңге ұрлықты мойнына алуға мәжбүрлеген. Тіпті, сәбиінен бас тартқызыпты. Осыған қорланған 21 жастағы келіншек төркінінің үйінде асылып қалған. Видеоүндеу жазып, әлеуметтік желіге таратқан марқұмның анасы жергілікті полицияның тергеуді әділ жүргізетініне сенбей отыр. #кткжаңалықтары
Back to Top