“Рөлге жармасқан“: БҚО- да ауыл тұрғындары тас жолдағы қыз елесі үшін құрбандық шалды.
Бірнеше күннен бері WhatsApp мессенджерінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының маңында сары шашты қыздың елесін көргендерін айтқан тұрғындардың әңгімесі таралуда деп жазады .
Адамдар тылсым күш жайлы әңгімелерін айтып, аудиожазбаларын бөлісуде.
“Тас жол жиегінде сары шашты қыз жүргізушілерді қорқытады. Кейбіреуі кәрі кемпірді де көрген. Олардан қорықпау мүмкін емес, тіпті, еркектер жылайды“,- дейді хабарламадағы әйелдің даусы.
“Жас жігіт Қаратөбе ауданынан Ханкөл ауылы арқылы түнде келе жатқан. Жолда сары шашты қыз оның көлігіне отырып, рөлге жармасып, кедергі келтірген. Жігіт жол апатына түсе жаздайды. Алдынан жүк көлігі шыққанда қыз жоғалып кетеді. Бұл бірінші жағдай емес. Жазда жүк көлігінің жүргізушісі де қызды көрген. Ол қорыққаннан ауылға келіп, бірінші кездескен үйдің терезесін қағады. Ал адамдар көлікті қарап шығып, ешкімді таппайды. Бірақ, көлік жүргізушісі елестер көлікте отырғанын қайталай береді“,- дейді тағы бір азамат.
14 views
357
98
4 years ago 00:00:55 14
“Рөлге жармасқан“: БҚО- да ауыл тұрғындары тас жолдағы қыз елесі үшін құрбандық шалды.