Қазақ хандығы - Алмас қылыш филімі

2016 жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында және 17 желтоқсан күні Алматыда Республика сарайында «Қазақ Елі» киносериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, фильмнің режиссері Рүстем Әбдрашов: - Қазақ Хандығының құрылу тарихы туралы фильм түсіруді маған сеніп тапсырғаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Сіздер бұл фильмді алғашқылардың бірі болып көресіздер. Бұл фильм Еліміздің тәуелсіздік күні көрермен қауымға ұсынылып отырғаны қуантады. Өйткені, біз үшін Тәуелсіздік күнінен асқан мейрам жоқ. – деді.
Back to Top