Қазаққа қауып төне бастаған ба? | AL QONYR-KZ

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Әскери коллегия отрысында, Орталық әскери аймағын жаңадан құрылған он сегіз әскери бөліммен нығайтатын болуы туралы баяндады. Бұл әскери аймақты Орталық Азияға қарсы қайрап қоймақ. Даярланып жатқан шараны ол Ауғандағы ИГИЛ ағымы бас көтерді, есірткі жолын Ресейге бағыттап отыр деп негіздеді. Көп уақыт өтпей екі қазақстандық азаматы, Мәскеу сенагогына теракт жүргізуге даярланды деген кінә тағып, Калуга обылысындағы Коряковка ауылында атып өлтірді. “Крокус Сити Хол“ ғимаратында болған теракті, тамыры Азия жақта жатыр деп көп елге күйе жақты. Ал кейінгі, Татарстандағы Елабуга қаласындағы ұшқышсыз аппаратар жасайтын өндіріс орнына және жанармай шығаратын зауытқа шабуыл жасаған Украина аппараттары Қазақстанның батыс жағынан келген болуы керек деп Госдуманың депутаты, отставқадағы генерал-лейтенант Андрей Гурулёв, қолында еш бір дәлел жоқ болсада еліне мәлімдеді. Гурулёв өз ойынан шығарған оқиғаның бетін қайтару үшін Қазақстан Ресеймен келісім-шартқа қол қойып батыстағы жерлерін Ресейдің қарамағына беруге міндетті екенін айтты. Жоғарыда айтылып кеткен фактілер Ресейдің Қазақ жеріне кіргісі келетінін көрсетеді. Аталған шаралар, Ресей өзі даярланып жүрген мақсаттарын негіздеуге арналған деп білу керек. Осы және тағы басқа мәселелер сіздердің назарларыңызға осы бейнежазбада көтеріледі. Контентің негізгі мекен жайы мына жерде:
Back to Top