🔸САҒЫНДЫҚ СЕНІ ЖҰМА
Жұма сүресі, 9-аят: «Ей, мүміндер! Жұма күнi жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (сас): «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (ас) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ», – деп айтқан. (Муслим)
Әбу Һұрайрадан (ра) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (сас) жұма күні туралы сөз сөйлеп: «Онда бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат ішінде намаз оқып, Алладан қажетін сұрайтын болса, Алла оған береді»,– деді және қолымен оның (сағаттың) аздығына ишара етті». (Бұхари, Муслим)
Әбу әл-Жағд ад-Дамрийден (ра) риуаят етілген хадисте: «Пайғамбарымыз (сас): «Кiмде-кiм жұма намазын үш рет себепсiз (елемей) қалдырса, Алла оның жүрегiн мөрлеп қояды», – деген. (Тирмизи, Ахмад)
Күндердің сұлтаны, Жұма, сағындық сені! Қасиетті Жұма күні құтты болсын! Уа, Раббым, жүректерімізді мөрлей көрм