Доллар, мұнай және індет

Ел аузында Тәж тажал деп айдарланып жүрген коронавирус індеті елдің көңіл күйін ғана емес, төл теңгеміздің де құнын түсіріп жіберді. Алматы мен Астанада айырбас бекеттері жабық болғанымен, өзге қалаларда 1 доллар 447 мен 452 теңге аралығында. Кешегі күнмен салыстырғанда біздің валюта сәл бекігенімен бұл бөрікті аспанға ататын жайт емес. Халықаралық нарықта мұнай әлі арзан. Ең өтімді Брент маркалы мұнайдың бір бөшкесі қазір 26-28 доллардың айналасында. Бірақ келесі айдан бастап қара алтынды араб мемлекеттері қажет десең 15 доллардан төмен бағаға сатамыз депті. Бұл қымбатшылықтың шеңгелі тағы да қыса түседі деген сөз. Негізгі кіріс көзі мұнай мен басқа да шикізаттардың экспортынан құралған Қазақ еліне енді қайтпек керек? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top