«АЛДАР КӨСЕ МЕН ШЫҚБЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ»

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 10-шығарылым. «Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай» ертегісі Әр заманның өз қу кейіпкері болатыны даусыз. Соның бірі – ертедегі елдің алғысына бөленген әрбір қазақ білетін ертегі кейіпкері – Алдар көсе. Тарихқа көз жүгіртсек, Алдар барша түркі халқына танымал, бүгінге дейін жұрт жадында жатталып келген тұлға. Ол қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакер, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдар көсе әрдайым өзінің асқан айлакерлігімен мұратына жетіп отырған. Ел көсені қалай таныса, өмірде де тура сол қалпында болған. Оның басты мақсаты, өмірлік ұстанымы сараң байларды, пайдакүнем саудагерлерді, озбыр ханды әжуа ету, үлкіге қалдыру. Р
Back to Top