Жұртты тәнті еткен ерекше кадрлар

Қызыл кітапқа енген қоқиқаздарды видеоға түсіремін деп басы дауға қалды. Ерекше кадрларды ақтаулық әуесқой фотограф Азамат Сәрсенбаев жасаған. Ол Маңғыстауға келген мыңдаған қанаттылардың үйірін ұшатын құрылғымен түсірген. Инспекторлар тарапынан әкімшілік жауапқа тартылғанымен, видеосы шетелдік телеарналардың эфирінен үзбей көрсетіліп жатыр. Әп сәтте танымал болып шыға келген фотографтың табиғаттың сұлулығын таспаға түсіріп жүргеніне жарты жыл ғана болыпты. Азамат мұнымен тоқтап қалмай, жұмысын одан әрі жалғастырамын, - дейді. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top