Келешекте мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабағы енгізілуі мүмкін. Ұлттық домбыра күніне орай елордада өткен шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы құптайтынын мәлімдеді. Мерекелік шарада мыңға жуық домбырашы түрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен рухты көтеретін күйлерді орындап, жиналған көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Ал, кейбір өңірлерде ұлтық аспапқа құрмет ретінде ескерткіштер орнатылды.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан