Ішкі сырдан
Неге менің тағдырым былай болды,
Деген ой, мазалап қалмай қойды.
Жауапсыз дәрігердің қателігі,
Инесінде білместік удан толы.
Тілемеймін әрине, оған өлім,
Болса да, қанша мұзды төмен көңіл.
Бәлкім бұл мені құрбан еткен сабақ,
Талайларға сыйлаған шығар өмір.
Көз жасымен талай көздер ағарады,
Ауру келіп мені де аямады.
Жұлынға, тиген кезде сол бір ине,
Тағдырымды басқа бағыт қазалады.
Оянғанда, басқа әлем қарсы алды,
Төрт айлық жанардан жас тамшылады.
Қатқан сүйек түр тамырлы етім тартып,
Қозғалыссыз, денені шаншылады.
Содан бері мінекей, өмір өтті,
Айлар-жылдар арада күндер көпті.
Әлі күні, ішкі ойлы жаным жара,
Кінәсіз көңілімнің мұңы көкті.
Ешкімге кінә тақпай тұяқтайын,
Кінәсіз, жүрегімді жоғалтпайын.
Өлеңім, өзімдікі өзіме деп,
Тәңірден дұға тілеп аяқтайын.
Абзал Батырханов 03/12/2014