ЕЛ ЕСІНДЕ МЕ, ЕСКЕРТКІШТЕР?

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯНЫ БАСТАДЫ Өңірде соңғы жылдары мемлекет дамуына қосқан үлесі үшін белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай тұрғызылған ескерткіштердің саны артты. Алайда кейбір жастар ескерткіштің не үшін тұрғызылғанын және оның атауын білмейтіні өкінішті. Осыған орай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс орталығында орналасқан ескерткіштерді насихаттауға арналған акцияны бастады. Мектеп шаңырақтары аймақтағы ескерткіштер туралы деректерді жинақтап, танымдық бейнероликтер циклін әзірлеу үстінде. Алғашқы болып оқу орынның «Фариза» шаңырағы қазақ поэзиясының падишасы, белгілі ақын және мемлекет қайраткері Фариза Оңғарсынованың ескерткішінен бастады. Оқушылар фото және бейнетаспа арқылы Фариза ақынның ескерткіші туралы деректерді ұсынады. Мұнда балалар мүсіннің архитектуралық және композициялық кескіні, жасап шығарған авторлары және монументтің мазмұны туралы кең мағлұматтарды ұсынады.
Back to Top