Ойлан ҚАЗАҚ!
Ойлан қазақ!
Бер балаңа үйренсін домбыраны,
Қазағымның болмысын өз бойына қондырады,
Дүрсіл қағып ойнасын күні түні
Рух берер домбыраның қоңыр үні
Болып өсер балаң сенің қырағы,
Асқақ асу белестер аттаған,
Неге десең, Домбыра тәрбиенің құралы,
Дәстүр сырын талай ғасыр сақтаған!
Тыңдашы!
Елестейді қазағымның ауылы, Дархан дала дауылы,
Қымыз шұбаттың дәмі, Бұлбұл құстың әні,
Ойын тойы қауымның,
Биіктері тауымның,
Еске аласың шалқар көлдің кереметін,
Ақ әжемнің текеметін...