Duolingo тестімен АҚШ-та оқуға болады | Ағылшын тілі 365 күн үздіксіз

✅ Duolingo тестімен АҚШ-та оқуға болады Ассалаумағалейкум достар! Дуолинго тестімен шетелге оқуға түсуге болады. Бүгінгі таңда әлемнің 65 еліндегі 4000 астам университет оның нәтижесін қабылдап жатыр. Оқу орындарының толық тізімін ресми сайтынан қарай аласыз (). Дуолинго тестінің бағасы небәрі $49 немесе шамамен 22 000 теңге. Тест ұзақтығы 1 сағат, ал нәтижесі 48 сағаттан кейін шығады. Сертификатыңызды алған соң, АҚШ, Канада, Англия, Италия, Германия секілді елдерге оқуға түсе аласыз. Ең қызығы Дуолинго қосымшасы су тегін. App Store немесе Google Play-ға кіріңіз де жүктеп алыңыз. Сөйтіп күнде дайындалып жүріңіз. Reading, Listening, Writing, Speaking тапсырмалары бар. Егер күнде жаттығып жүрсеңіз Beginner деңгейінен Elementary-ға 2-3 айда жетесіз. Мен бұл қосымшаны оқып жүргеніме 365 күн болды. Маған өте қатты ұнайды. Әлеуметтік желіде сағаттап отырғаннан гөрі, дуолингода 15 минут дайындалған әлдеқайда жақсы. Және ең бастысы, ағылшын тілін аптасына 2-3 рет өзіңді қинап 3-4 сағат оқығаннан гөрі, күнде 15 минуттан дайындалған әлдеқайда тиімді әрі нәтижелі болады. Ең бастысы тұрақтылық керек! Айтпақшы менің дуолингодағы парақшама тіркеліңіздер, бірге оқимыз әрі дамимыз. Сілтемесі астында: #Duolingo #АғылшынТілі #АғылшынТілінҮйрену
Back to Top