ҚР СІМ Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент туралы ақпарат жариялады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Темірлан Кәрібаевтың өліміне қатысты студенттің жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, марқұмның туған-туыстарының жағдайын ескере отырып, ғаламторда Темірланның суреттерін таратпауды сұрады. Министрліктің ресми өкілінің сөзінше, қайғылы оқиға еліміздің Мәскеудегі елшілігінің жіті назарында болады.
Back to Top