Кенесарының сүйегі елге жеткізіледі

Қуан қазақ! Жақын болашақта Кенесары ханның сүйегі Қазақстанға әкелінуі мүмкін. Ресей басшысы Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа соңғы ханымыздың мүрдесін табуға көмектесуге сөз берді. Бұл сүінші жаңалықты Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жеткізді.30 маусым күнгі Мәскеудегі кездесуінде Назарбаев хан Кенені туған топырағына әкеп жерлеп, әруағын тыныштандырудың қазақ елі үшін аса маңызды екенін жеткізіп, Путиннен бұл мәселеде көмек көрсетуді сұраған. Көршінің көсемі көмегін аямайтынын айтып, артефактты тауып беремін деп уәде берген. Тарихтан белгілі, өз сұлтандарынан сатқындық көріп, қырғыздың қолына түскен Кенесары Қасымұлы үш айдан кейін Майтөбеде өлтірілді. Тарихшылардың айтуынша, Кенесары ханның бас сүйегі өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін Санкт-Петербургтегі Эрмитажда тұрған. Оны ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан да көрген. Ал одан кейін қайда кеткені белгісіз. Ғалымдар біраз музейді аралап шыққан. Бірақ ханның сүйегін таппады. Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram:
Back to Top