Қырғыздың экс-депутатының сотында үлкен жанжал шықты

#КТКжаңалықтары Қазақстанда істі болып жатқан қырғыздың экс-депутаты мен жамбылдық миллионер Есбол Жапбасов тура сот залынан қашып кете жаздады. Трансұлттық қылмыстық топ құрды деп айыпталған екеуі мен олардың тағы 10 сыбайласына судья үкім оқып жатқанда сотқа келген жақтастары жанжал шығарды. Осы оңтайлы сәтті пайдаланған сотталушылар қоршауды бұзып қашпақ болды. Бірақ қосымша қарулы күзет тобы дер кезінде жетіп, қылмыскерлерді ұстап алды. Ал үкім сол күйі соңына дейін оқылмай жайында қалды. #сот #үкім #жанжал #төбелес
Back to Top