Түркияның экс-президенті Абдулла Гүлмен кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Абдулла Гүл жиналғандарға дәріс оқыды. Сонымен қатар Түркияның қоғам қайраткері өзінің саяси саладағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Back to Top