Дубайда Қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды

Дубайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды. Жергілікті полиция отандасымыздың өз-өзіне қол жұмсағанын айтуда. Алайда марқұмның туыстары мұнымен келіспейді. Умида Сабырова мектепті үздік тамамдаған. Оның үстіне жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан екен. Ағылшын тілін үйреніп, өткен жылдың тамыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуге кеткен. Әпкесі Манзура Сабырованың сөзінше, Умида ол жақта оқуына ақша жинап, жақындарына да қаржылай көмектескен. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top