Леңгір мектеп-лицейінің оқушысы улы зат шашып, оқушылар мен мұғалімдер ауруханаға түсті

#КТКжаңалықтары Түркістан облысында оқушылар жаппай уланып ауруханаға түсті. Леңгір қаласындағы №7 мектеп-лицейдің дәлізінде 10-сыныптың оқушы қызы белгісіз құтыдан улы зат шашқан. Соның салдарынан 32 оқушы мен 4 ересек адам ауруханаға түсті. Қазір мәселенің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. #Түркістаноблысы #Леңгір #мектеп #улану #оқушылар #мұғалімдер
Back to Top