Коронавирус: әлемдегі ахуал

Карантин талабын сақтамағандарды полицейлер таяқтын астына алып, әкім-қаралар тұрғындарға дауыс көтеруге мәжбүр. Бұл әлем елдерінде тіркелген мәжбүрлі шаралар. Тіпті вирустан көз жұмғандар саны бойынша Қытайды басып озған Италия билігі өмір бойғы карантин жариялауы мүмкін. Қазір жер жүзін жайлаған пандемияны жарты миллионға жуық адам жұқтырыпты. Жайсыз статистиканың көшін бүгін АҚШ бастады. Бұл елде індет 86 мың адамнан табылыпты. Қауіпті вирустың таралуы да тарылмай тұр. Аты жаман ауру әлемнің 176 мемлекетінде тіркеліпті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #МыВместе #коронавирус #коронавирусвказахстане #карантин #чп #BizBirgemiz  #изоляция #эпидемия
Back to Top