Көлігіңді сатпа, соған зар боласың!

Көлігіңді сатпа, басқасын ала алмайсың дегенді соңғы кездері жиі естіп кеттік. Бекер емес. Темір тұлпар құны қол жеткізбейтіндей. Өзгені қойшы, өзіміздің отандық көліктердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға қымбаттапты. Қазір орташа құны 7,5 млн теңге, ал импорттық автомашиналардың бағасы орташа есеппен 14 млн теңгеге бірақ жеткен. Бағаны бұлай бұлдануына әрине, көк қағаз кінәлі. Импорттық көліктердің бағасы доллардың өсуіне тікелей тәуелді. Әлемде автомашиналардың бөлшектері жыл сайын қымбаттап отырғанын ескерген жөн. Қосымша факторлар тағы бар. Мысалы инфляция, экономиканың өсу қарқыны, пандемия салдарын да жоққа шығара алмаймыз. Сонымен бізде қашан көлік арзандайды? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top