Ақтөбеде полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды

Ақтөбеде ішімдік ікен әйел төртінші қабаттан секірмек болды. Полиция оны құтқарып қалды. Ақтөбе қаласы Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің 4-қабатынан әйел секірмек болды. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Конилкошев жедел жетті. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Саламат Елдесов және Нұрберген Ахетов барды. “Полиция жағдайды бағдарлап, үйдің терезесінің астына көрпе тартып, көндіре бастады. Бірақ ол 4-қабаттан секірді. Полиция мен көршілер жайған көрпе әйелді өлімнен аман алып қалды. 25 жастағы әйел жеңіл дене жарақатын алып, Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Back to Top