Америкалық NASA ғарыш агенттігі Персей галактикасы шоғырының орталығындағы газ бен плазма арқылы өтетін дыбыс толқындарын алғаш рет тіркеді, - деп хабарлайды.Бұл жайында тілшісі Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған аталмыш агенттік сайтына сілтеме жасай отырып жазды.
Бұл қара құрдым Жерден 250 миллион жарық жылында орналасқан. Бастапқыда жазылған деректер дыбыс толқындары емес, әртүрлі жиіліктерде жарық болған еді.
Ғалымдардың айтуынша, осы уақытқа дейін үстем болып келген «ғарышты дыбыс жоқ» дейтін жаңсақ ұғымның түп-төркінінде кеңістіктің көп бөлігін алып жатқан, дыбыс толқындарының таралуына жол бермейтін ваккум жатыр.
Галактикалар шоғырында газдың көптігі сонша, ғалымдар нақты дыбысты аулаған. Ғалымдар қара құрдымның акустикалық сигналы болатынын 2003 жылы анықтап білгенімен оны таспаға тартып алудың сәті енді түскен.
Бұл тарапта NASA мамандары өзгеше ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, басқа тәсілді қолданған – олар дыбыс жиілігін квадриллион есеге (мың триллион) арттырып көрген.