“Истиуа“ және “Алла қайда“ мәселелері туралы | Нұғман Әли Хан ᴴᴰ

Нұғман Әли Хан - атақты Құран тәпсіршісі. Әлемдегі 500 ықпалды мұсылмандар қатарына кіретін танымал имам. Уағыздары миллиондаған көрілімдер жинап, көптеген тілдерге аударылуда. Алайда имамның танымалдығы арта түскен сайын, халық ол кісінің ақидасына қатысты түрлі болжамдарға түсті. Біреулер салафит десе, енді біреулер басқа негізсіз болжамдар айтып, қате пікір қалыптастыра бастады. Ұстаз Нұғман Әли Хан Құран аяттарын тәпсірлеу барысында ақидаға қатысты аяттарға жолықпаса, уағыздарында ақида туралы тақырыптарды арнайылап қозғамайды. Желіден танымал имамның “Истиуа“ мәселесіне қатысты және “Алла қайда?“ деген сұраққа қатысты жауап берген қысқа видеоларына жолықтық. Осы бейне-роликті көргеннен кейін, имамның дұрыс иә бұрыс ақидада екені көпшілікке анық болады деп сенеміз. --- Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға тіркеліңіз! ✅ Инстаграм: ✅ Телеграм: ✅ Youtube:
Back to Top