Тәуелсіздік күні

Құрметті Қазақстандықтар!!! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты! Мереке қарсаңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Қадамы батыл, қарышты дамыған еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Ізгі ниетпен: Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапхана ұжымы.
Back to Top