Фатиха сүресі | Мишари Рашид

«Фатиха» – бес уақыт намазда үнемі оқылатын, әрі ең жиі қайталанатын сүре. Ол намаздың әрбір рәкағатында айтылады. Сондықтан бұл сүрені «Жеті қайталанушы аят» (әс-Сабъул мәсәни) деп те атайды. «Фатихасыз» намаз жоқ. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кітаптың Фатихасын оқымаған адамның намазы (толық) емес», тағы бір риуаятта: «намазы намаз емес» , — деген. (Бұхари) Фатиха - кітаптың беташары, кітапты ашушы (“Фатихатул китәб”). Біз Құранды ашқанда ең алдымен осы сүрені көреміз. Бұған қоса Құран сүрелері арасынан ең бірінші толық түскен де – осы сүре. Фатиха - «Уммуль Қуран» (Құранның анасы) . Ум (ана) деген сөз негіз, бастау деген мағыналарды қамтиды. 
Back to Top