Полиция ұстаған марафоншы Марат Жыланбаев: Ұрпағымның болашағына алаңдаймын

10 қаңтарда, сайлау күні полиция билікке талаппен шыққан марафоншы, жеті рет әлем рекордын жаңартып, Гиннестің рекордтар кітабына енген Марат Жыланбаевты ұстады. Полиция бөлімшесінде одан шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысына қатысы бар-жоғын сұраған. Қазақстан билігі ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп таныған. Еуропапарламент 2019 жылғы қарарында ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.
Back to Top