Қамауға алынған полиция қызметкері тергеу абақтысында аштық жариялап жатыр

Астанада қамауға алынған полиция қызметкері тергеу абақтысында аштық жариялап жатыр. Есіл ауданы криминалды полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бекпанов өзіне тағылған айыппен келіспей, осындай қадамға барды дейді зар жылаған туыстары. Ал ері қамауға алынған кезде айы күні жетіп отырған келіншегі ерте босанғаны өз алдына, шала туған сәбиіне есім де бермей жылап отыр. Ішкі істерде 10 жыл қызмет істеген полицей құзырлы органдар арасындағы текетірестің құрбаны болды дейді наразы отбасы.
Back to Top