Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өсті

Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгерді. Алдағы айдан бастап, енді төрт баладан көп, мәселен, 5,6,7,8 тіпті 16 баласы бар жанұялар әлеуметтік көмекті бала санына байланысты алады. Бұрын да солай еді ғой дейтін шығарсыз. Иә, бірақ осыған дейін 7 баласы бар мен 16 баласы бар жанұяға берілетін жәрдемақы мөлшері бірдей, яғни 77 784 теңге еді. Енді, әр балаға қосымша 11 мың теңгеден төленеді. Көмек 4 және одан да көп кәмелетке толмаған перзенті немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенті бар отбасыларға арналады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top