8 ай бұрын төселген асфальт езіліп жатыр

Елорда іргесіндегі Қосшы кентінде өткен жылы ғана құрылысы аяқталған 14 шақырым жол адам көргісіз жағдайға түскен. Салынғанына 10 ақ ай болған көше бүгінде шұрық-тесікке айналған. Жол азабын әбден тартқан тұрғындар бұл қазір ештеңе емес, күн суытса болды жүру мүлде мүмкін болмай қалады деп ашынып отыр. Ал, жергілікті әкімдік болса жолдың әлі кепілдік мерзімі бітпеген, құрылысқа жауапты компания келтірілген олқылықтарды жойып, тесіктерді бекітіп береді деп уәде беріп отыр. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top