Бәріңізге ассалаумағаликум. Санасын тұрмыс билеген, баласын орыс мектебіне сүйреген ата-аналар көбейіп барады. Жетпіс жыл қазақтарды қан шеңгелінде ұстаған көршіміз Ресей болса бізді әлі де тәуелді ұлт санап, шекарадан бергі жаққа тас лақтыруын тоқтатпай келеді. Ал орыстың тәрбиесін алып, ұлтқа қызмет ете алмай жатқандар жетерлік. Бірі ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев. Қазақшасын көрсең қаның басыңа шабады.
Міңгір-міңгір еткен министрден айтқаныңды түсінетін Ақтөсің мың артық. Орыс десең-түрі жоқ, қазақ десең-тілі жоқ шенеуніктер қашанғы тайраң басып жүре береді? Оларға Германияға кеткен мына кісі не деп видео сәлем жолдады? Бұ кісінің тілім-тілім болған тіліміз жайлы айтқанын сіз тыңдадыңыз ба? Жүрсін Ерман Президенттің қазақшасына қандай сын айтты? Алаш арысы Темірбек Жүргенов «неге орысша сөйлемейсің» деп бұлқан-талқан болған орысты қалай орнына қойды? Мұндай сұмдық ақпараттарды сізге білген дұрыс.
«Күшігінде таланған – төбет кезінде де қорқады» демекші біз қатты жалтақпыз. Жағымпазбыз. Жағымпаз