▶️ БАРЫЛДАУЫҚ (КРЯКВА) Үйректер жайында қысқаша ақпарат 🦆🦆🦆

Ассалаумағалейкум Қазақ елінің аңшылары мен балықшылары... ____________________________________________________________ БАРЫЛДАУЫҚ ҮЙРЕКТЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҚТАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ... ___________________________________________________________ Салмағы 800 – 1500 г. Мекиенінің көкшіл коңыр түсті қауырсындарында ала дақтары бар, тек көктемде, көбейер кезде кежегінің (қоразының) басы мен мойнының жоғары жағы жылтыр көкшіл жасылдау болып, төменгі жағы ақ түске өзгереді. Барылдауық үйрек – жыл құсы. Көктемде ұшып келеді, қамысты қопа ішіндегі ұяларына 7 – 11 жасыл түсті жұмыртқа салады, оны мекиені 26 күндей басады. Күзде (қазан – қараша айларында) қыстауға ұшып кетеді. Барылдауық үйрек балдырлармен, су өсімдіктерінің тұқымдарымен және ұсақ жәндіктермен, ал күзде дәнді дақылдармен де қоректенеді. Дәмді еті үшін ауланады. _____________________________________ Кежек өте ашық реңді - басы мен мойынның жоғарғы бөлігі - қошқыл жасыл, оны ақ түсті, қарғы ашық қоңыр төстен бөлініп орналасқан. Құйрық үстінде ширатылып жоғарғы қайырылған әлемдеуші қауырсындар болады. Аналықтар, жас құрттар және аталықтар жазда ұсақ шұбарлары бар жабын қанаттары біркелкі боялған қоңыр реңді болып келеді. Ұшып жүрген және қонақтаған құстардың қосалқы желпуіш қауырсындардың үстінен ақпен көмкерілген қошқыл-күлгін түсті көзтартары көрініп тұрады. Дауысы асыранды үйректердің барылдағанына ұқсас. Қанатын жиі қағып, шапшаң ұшады. Қанаттарының бұл кезде өзіне тән ысқырған дыбыс шығады. _____________________________________ Бұл құс бүкіл Қазақстан бойынша ұялайды. Үстірт және Маңғышлақтың сусыз кеңістігінде болмайды. Бүкіл ландшафты зоналарда өмір сүреді, теңіз деңгейінен 2000 метрге дейінгі тауларға көтеріледі. Қазақстан аумағында ақпанда пайда болып, қазанда ұшып кетеді. Құстардың бір бөлігі оңтүстік Қазақстанның суы қатпайтын көлдерінде қыстап қалады. ____________________________________________________________ #барылдауық #барылдауықүйрек #shorts #qaqpankz #шортс #kaiyrgali_ordabek #аңшылық #shortsvideo
Back to Top