БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ: ҚАЗАҚ БОКС ЖҰЛДЫЗЫНЫҢ ӨМІРІ, МАНСАБЫ ЖӘНЕ ӨЛІМІ

Бүгін күллі қазақтың мақтанышына айналған Сидней Олимпиадасының чемпионы, Бекзат Саттархановтың туған күні. ⠀ Жасындай жарқыраған Бекзат Саттарханов арамызда болғанда 41 жасқа толар еді. Небәрі 20 жасында Олимпиада ойындарында топ жарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан І дәрежелі «Барыс» орденін алған тұңғыш спортшы болды. ⠀ Бекзат Сейілханұлы 1980 жылы 4 сәуірде киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Сидней Олимпиадасында тәуелсіз еліміздің туын көкке көтеріп, әнұранын асқақтатқан спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Біздің арнаға тіркелі
Back to Top