Астыртын тойлардың «крышасы» әкімдік пе?

Дәл бүгін Астанада ортаңқол мейрамханада 110 адамға той жасасаң, 2 млн теңгедей шығын шығады. Бұл соманың ішінде орынды жалдау, ішіп-жем, тойбастар, асабаның ақшасы, бейнетүсірілім, арақ шарап, еттен тортқа дейін барлығы кіреді. Бұл есепті мейрамхана әкімшісі шығарып берді. Бірақ тойлау тәртібі өзгерді. Енді ел тойға кешке емес, күндіз барады. Және бұрынғыдай сенбі жексенбіде емес, думанды жиындар жұмыс күндері өтетін болған. Күзде короновирустың тағы бір толқыны келеді деп, соңғы екі аптада астыртын шаралар адам санына қарамай жиі өтіп жатыр. Қалай өтеді, мейрамханаға жүздеген адамды қалай кіргізіп шығарады? Билік өкілдерінің көзіне түсіп қалмаймыз ба деген үрей жоқ па, әлде билік біле тұра көрмей қала ма? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top