Түркістанда күйеу жігіт той үстінде аспанға оқ атты

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде той салтанатын ұйымдастырған жастар назарға іліккен. Жас жігіттердің шектен шығып, аспанға қарумен оқ атқаны, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны видеодан көрініп тұр. Оқиға Сайрам ауданында болған. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алынып, қолындағы сигналдық зат болып шықты. Жас жігітке ӘҚБтК 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Back to Top