“АЗИЯДАҒЫ“ РЕНАТ АПАТҚА ТҮСТІ

“Азия“ тобының әншісі Ренат Баситов жол көлік апатына ұшырады. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген әнші жол бойы көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер шұғыл түрде қан керек дегендіктен, Ренаттың жақындары мен өнердегі әріптестері халықтан көмек сұрады. Жұма күні кешке өнер жұлдыздары бірінен-соң бірі әлеуметтік желілерге шұғыл түрде 4-ші топтағы қан керектігін жаза бастады. Осылайша халық Ренат Баситтің апатқа түсіп, жағдайының нашар екендігін ғаламтордан білді.
Back to Top