Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда. Былтыр ғана, дәл осы күні, бас қаланың бас алаңында жыл басын жұрт боп жиылып, тойлап ек. Абыр сабыр ағайын ақ мол болсын, ұлыс оң болсын деп жатты. Ал биыл тым тырыс. Халық әз Наурызды атап өткісі келмейді емес, келеді, қазақ үшін ең ұлы мейрамды ұлықтауға карантин кедергі. Біз де тойлауға емес, қаладағы ахуалды көзімізбен көріп, сізге жеткізейік деп шықтық. Бірден байқалатыны көшеде адам өте аз. Бірлі-екілі жан жүр.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан