Егіс алқаптары су көрмеген шаруалар өнімсіз қалуы мүмкін

Алматы облысындағы шаруалар биыл өнімсіз қалуы мүмкін. Өйткені егіс алқаптары мамыр айынан бері су көрмеген. Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданында 150-ге жуық шаруа қожалығының егіні қурап барады. Ал су шаруашылығына жауапты мамандар алқаптарыңның 50 пайызын сақтап қалсаңдар соған рахмет айтыңдар деп шығарып салыпты. Жер емген диқандар Бартоғай қоймасында су тапшы дегенімен Үлкен Алматы каналы арқылы тіршілік нәрі өзге аудандарға жіберілгеніне ашынуда. Енді су бермесе шаруалар Қонаев атындағы каналдың іргесін сөгуге бекініп отыр. Әйтпесе, жер кеуіп, төккен терінің зая кететін түрі бар. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top