Абақты басшысына пара бермек болған әйел ұсталды

Шымкентте түзеу мекемесінің басшысына пара бермек болған келіншек ұсталды. Ол адам ұрлап, қарақшылық шабуыл жасаған және ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін жазасын өтеп жатқан жолдасына қолайлы жағдай жасау мақсатында түрме басшысына 1500 АҚШ долларын беру сәтінде қолға түсті. Бұл туралы қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы мәлімдеді. Ведомство өкілінің сөзінше, келіншек әлгі ақшаны полковниктің қызметтік кабинетінде кітап арасына салып берген екен. Алайда, осы сәтте полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі өкілдерінің қолына түсті. Қазір, бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top