Астанада ақсүйек қыздарға арналған оқу орны ашылды

Астанада ақсүйек қыздарға арналған оқу орны ашылды. “Қазақ қызы“ деп аталатын институт шәкірттерге Еуропаның озық мәдениеті мен қазақтың дәстүрлерін қатар үйретпек. Яғни, қалталылардың қыздарына дастархан басында шанышқы мен пышақты қалай ұстаудан бастап, гольф ойнап, йоганың қимылдары үйретіледі. Қымбат жиһаздармен жабдықталған, іші -сырты көздің жауын алатын оқу орнының салтанатты ашылуына Мәжілістің вице-спикері Дариға Назарбаеваның өзі келеді деп жоспарланып отыр.
Back to Top