Коронавирус қаупі жайлы соңғы деректер – 3-ақпан

#КТКжаңалықтары Қытайдан қайтарылған студенттердің ешқайсысы қауіпті ауруға шалдықпаған. Еліміздің Бас санитар дәрігері осындай мәлімдеме жасады. Айта кетсек, кеше 83 адам Ухань қаласынан арнайы ұшақпен жеткізілген. Олардың 80-і студент. Одан бөлек, тағы 24 шетел азаматы бар. Олар қазір елордадан жеті шақырым жердегі емханада карантинде жатыр. Тек арнайы шарадан кейін ғана өз еліне қайтарылады. Коронавирус қаупі жайлы соңғы деректерді елордалық тілшіміз айтады. #Қытай #коронавирус #карантин
Back to Top