Атырауда 22 жастағы қыз лифт шахтасына құлап кетті

Атырау қаласында  9 қабатты тұрғын үйде бойжеткен жеделсаты шахтасына құлап кетті. Төтенше жағдай кезінде лифт ішінде 4 адам болған. Жеделсаты бесінші және алтыншы қабатқа келгенде апаттық жағдайда тоқтап қалған. Бойжеткен құтқарушыларға хабарласудың орнына, өз еркімен шықпақ болып, лифт шахтасына түсіп кеткен. Зардап шеккен қыз дереу облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді.
Back to Top