Исландиялық ғалымдар туысымен отасқан 160 мың жұпты зерттеді

«Туысқандардың бір-бірімен отасқандарында еш сөкеттік жоқ. Керісінше, мұндай жұптардың бала сүю көрсеткіші жоғары болады». Арнайы зерттеу жүргізген исландиялық ғалымдар осындай шешімге келіпті. Алайда, жеті атадан аспайынша қыз алысып, қыз беріспейтін біздің мамандар шетелдіктердің мұндай уәжі мүлдем шындыққа жанаспайды дейді. Отандық этнографтар да мұның соңы жақсылыққа апармайтынын айтып, дабыл қағып отыр. Өз жақынымен отасқандардың қандай қиындыққа тап болуы мүмкін? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top