Сөзі: Еркін Оралбай
Әні: Жанар Ешназар
Жеңе алмаған өмірдің сергелдеңі,
Сезім жеңді күшіме сенген мені.
Өзгердім мен, Мөлдірім, өміріме,
Сен келгелі.
Қайырмасы:
Қара түнге соншалық құмартамын,
Сені ойлаумен атуда бұла таңым.
Түсте көріп өзіңді оянуды,
Ұнатамын.
Шешімі жоқ өмірде сұрақтар мың,
Дайын еткен біздерге сынақтарын.
Жүректегі сезімді жеткізем деп,
Жыр ақтардым.
Қайырмасы:
Қызғаныш қой өкпелетсем мені түсін,
Сені ойласам кетердей ерік күшім.
Сені ешкімге бермеймін, себебі сен,
Менікісің..
356 views
500
143
2 years ago 00:02:43 1
Qanay & ALI Otenov - Lolly(AUDIO)
2 years ago 00:03:19 3
DIAR & SANAT feat DIMA - SENIMEN GANA (official audio)